Майамиде өз бизнесіңіздің болуына көптеген себептер бар, ол үшін көптеген инвистициялық мүмкіншіліктер де бар, қонақ үй, ресторан жөне құрылыспен айналасуды қоса айтқанда. Инвестиция жасаудың негізгі себебі - бұл ЕВ  инвестициялық виза алу, оған сәйкес шетелдік инвестор және оның ең жақын жануя мүщелері АҚШ паспортын алу мүмкіншілігіне ие болады.

 

Флорида әртүрлі бизнес жасау үшін өте қолайлы жер. Мұнда салық салудың бірнеше жеңілдіктері қарастырылған. Кәсіпорынға салынатын пайда салығы тек қана 5,5% құрайды және бұл мемлекеттегі ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар жеке басқа салынатын жергілікті және мемлекеттік салықтардың болмауы жұмысшыларға төленетін жалақының жалпы мөлшерін төмендетеді.

 

Жаңа бизнес бастау немесе дайынын сатып алу. 

 

How-to-KeepӘдетте, дайын бизнесті сатып алу инвестиция жасауға қолайлы болып есептеледі. Себебі дайын компанияның өз репутациясы, нарықта өз орны бар және өзіне тән тұтынушылары қалыптасқан. Бірақ та мұндай дайын компанияны табу оңайға түспейді. Дұрысы, істі тәжрибелі брокерлерді жалдаудан бастау қажет, олар (а) Сізге қажетті компанияны табады; (б) заң тұрғыдан комплексті экспертиза өткізеді ( компанияның соңғы 3-5 жылдағы жұмысына құқықтық және қаражат тұрғысынан толық талдау). Мұндай тәуелсіз талдау Сізге компаняның нарықтық құнын және оның рентабельдігін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

 

Сіз өз бизнесіңізді бастарда, қате шешім қабылдап, көп уақыт жоғалту қаупы бар. Ең бірінші, Сіз жоспарлап отырған істің нарықтағы қажеттілігі және конкурентердің барлығы туралы толық анализ жасауыңызға тура келеді. Одан соң Сіз биснестің инфрақұрылымын жасап, оның ішінде жаңа заңды тұлға тіркеп, жұмыс орнын тауып, адам жалдап және істі бастауыңыз керек. Сіздің бақытыңызға, кәзіргі кезеңде басқа өңірлерге қарағанда, Флоридада жылжымайтын мүлік нарығы өте тиімді, ал таңдау мүмкіншілігі мол болып тұр. Бұл жағдай Сіздің бизнес-ойыңыздың табысты болуына кепіл.

 

Франшиза - баршаға мәлім тәсіл

 

Fotolia

Франшиза - бұл басқа компанияның ұтымды бизнес-моделін пайдалануға бағытталған әдеттегіі тәжрибе. Орта мөлшерлі франшизаларға ресторандар, май құю стансалары мен автосалондар, ал ірі франшизаларға отелдер, спалар және ауруханалар жатады. Негізінде, АҚШ-та 40 % сауда-саттық франшизада жұмыс істеп жатқан дүкендер арқылы жасалады.

 

Айта кететін жағдай, франшиза әсіресе өз бизнесін ашуға ниетті шетел инвесторларын қызықтыратын тәсіл. Біріншіден, бизнес бастағаннан соң алғашқы бес жыл ішінде басқа жаңа бизнес-проектерге қарағанда фрашиза нарықта үш есе көп болады. Бұның өзі ЕВ-5 визасымен келгендер үшін өте маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Екіншіден, ісіңіз алға басу үшін компания Сіздің таңдап алған кәсіпорныңызды дайындайды, қызметкерлеріңізді оқытып үйретеді және тұтынушыларыңызға қыззмет көрсету процестерін енгізеді. Бұның бәрі франшиза ақысына енетін болады.

 

Жылжымайтын мүлікке бағытталған инвестиция

 

Property-Buyers

Флоридаға келіп жатқан шетел инвесторларының ішінде жылжымайтын мүлік және онымен айналысу кең орын алуда. Кейбіреулері өз қаражатын бағасы толық анықталмаған немесе авариялық жағдайдағы жылжымайтын мүлікке салуда. мұның ішіне банкке салынып, қайта алмаған мүліктер де кіреді. Бұл мүліктерді сатып алған соң, күрделі жөндеуден өткізіп қайтадан сатады немесе жалға береді. Басқалары бірнеше квартира сатып алып, оларды жалға береді және солармен айналысады. Қандай жағдай болмасын, жылжымайтын мүлікке салған инвестиция пайдалы бизнес екені анық. 

 

Соңында, бірақ маңызды

 

Accountant ServiceМайамиде пайдалы бизнес ұйымдастыру үшін Сізге бұл саладағы профессионалдар, юристер,бухгалтерлер, брокерлер және жылжымайтын мүлікпен айналысатын агенттер қажет. Олар бүкіл процесті қамтыйтын болады. Айта кететін жай, «Майами Лайф, Инк»  иммиграция, корпоративтік және салық саласындағы белгілі юристермен, мүлікпен айналысатын брокерлермен тығыз жұмыс істеуде. Олар Сіздің ісіңіздің алға басуына бірден бір қажет. Консультант ретінде біз Сіздің бүкіл ісіңізді реттеп, Сізге қолайлы жағдай жасаймыз. Біз  Сіздің мақсатыңызға жетудегі «бір тереземіз».