Майами Бизнес

 

Майамиде өз бизнесіңіздің болуына көптеген себептер бар, ол үшін көптеген инвистициялық мүмкіншіліктер де бар, қонақ үй, ресторан жөне құрылыспен айналасуды қоса айтқанда. Инвестиция жасаудың негізгі себебі - бұл ЕВ  инвестициялық виза алу, оған сәйкес шетелдік инвестор және оның ең жақын жануя мүщелері АҚШ паспортын алу мүмкіншілігіне ие болады.

 

Флорида әртүрлі бизнес жасау үшін өте қолайлы жер. Мұнда салық салудың бірнеше жеңілдіктері қарастырылған. Кәсіпорынға салынатын пайда салығы тек қана 5,5% құрайды және бұл мемлекеттегі ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар жеке басқа салынатын жергілікті және мемлекеттік салықтардың болмауы жұмысшыларға төленетін жалақының жалпы мөлшерін төмендетеді.

 

Жаңа бизнес бастау немесе дайынын сатып алу. 

 

How-to-KeepӘдетте, дайын бизнесті сатып алу инвестиция жасауға қолайлы болып есептеледі. Себебі дайын компанияның өз репутациясы, нарықта өз орны бар және өзіне тән тұтынушылары қалыптасқан. Бірақ та мұндай дайын компанияны табу оңайға түспейді. Дұрысы, істі тәжрибелі брокерлерді жалдаудан бастау қажет, олар (а) Сізге қажетті компанияны табады; (б) заң тұрғыдан комплексті экспертиза өткізеді ( компанияның соңғы 3-5 жылдағы жұмысына құқықтық және қаражат тұрғысынан толық талдау). Мұндай тәуелсіз талдау Сізге компаняның нарықтық құнын және оның рентабельдігін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

 

Сіз өз бизнесіңізді бастарда, қате шешім қабылдап, көп уақыт жоғалту қаупы бар. Ең бірінші, Сіз жоспарлап отырған істің нарықтағы қажеттілігі және конкурентердің барлығы туралы толық анализ жасауыңызға тура келеді. Одан соң Сіз биснестің инфрақұрылымын жасап, оның ішінде жаңа заңды тұлға тіркеп, жұмыс орнын тауып, адам жалдап және істі бастауыңыз керек. Сіздің бақытыңызға, кәзіргі кезеңде басқа өңірлерге қарағанда, Флоридада жылжымайтын мүлік нарығы өте тиімді, ал таңдау мүмкіншілігі мол болып тұр. Бұл жағдай Сіздің бизнес-ойыңыздың табысты болуына кепіл.

 

Франшиза - баршаға мәлім тәсіл

 

Fotolia

Франшиза - бұл басқа компанияның ұтымды бизнес-моделін пайдалануға бағытталған әдеттегіі тәжрибе. Орта мөлшерлі франшизаларға ресторандар, май құю стансалары мен автосалондар, ал ірі франшизаларға отелдер, спалар және ауруханалар жатады. Негізінде, АҚШ-та 40 % сауда-саттық франшизада жұмыс істеп жатқан дүкендер арқылы жасалады.

 

Айта кететін жағдай, франшиза әсіресе өз бизнесін ашуға ниетті шетел инвесторларын қызықтыратын тәсіл. Біріншіден, бизнес бастағаннан соң алғашқы бес жыл ішінде басқа жаңа бизнес-проектерге қарағанда фрашиза нарықта үш есе көп болады. Бұның өзі ЕВ-5 визасымен келгендер үшін өте маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Екіншіден, ісіңіз алға басу үшін компания Сіздің таңдап алған кәсіпорныңызды дайындайды, қызметкерлеріңізді оқытып үйретеді және тұтынушыларыңызға қыззмет көрсету процестерін енгізеді. Бұның бәрі франшиза ақысына енетін болады.

 

Жылжымайтын мүлікке бағытталған инвестиция

 

Property-Buyers

Флоридаға келіп жатқан шетел инвесторларының ішінде жылжымайтын мүлік және онымен айналысу кең орын алуда. Кейбіреулері өз қаражатын бағасы толық анықталмаған немесе авариялық жағдайдағы жылжымайтын мүлікке салуда. мұның ішіне банкке салынып, қайта алмаған мүліктер де кіреді. Бұл мүліктерді сатып алған соң, күрделі жөндеуден өткізіп қайтадан сатады немесе жалға береді. Басқалары бірнеше квартира сатып алып, оларды жалға береді және солармен айналысады. Қандай жағдай болмасын, жылжымайтын мүлікке салған инвестиция пайдалы бизнес екені анық. 

 

Соңында, бірақ маңызды

 

Accountant ServiceМайамиде пайдалы бизнес ұйымдастыру үшін Сізге бұл саладағы профессионалдар, юристер,бухгалтерлер, брокерлер және жылжымайтын мүлікпен айналысатын агенттер қажет. Олар бүкіл процесті қамтыйтын болады. Айта кететін жай, «Майами Лайф, Инк»  иммиграция, корпоративтік және салық саласындағы белгілі юристермен, мүлікпен айналысатын брокерлермен тығыз жұмыс істеуде. Олар Сіздің ісіңіздің алға басуына бірден бір қажет. Консультант ретінде біз Сіздің бүкіл ісіңізді реттеп, Сізге қолайлы жағдай жасаймыз. Біз  Сіздің мақсатыңызға жетудегі «бір тереземіз».

 

Жылжымайтын мүлік инвестициялар

 

Біріншіден ең бастысы - шетелден келген сатып алушылар үшін ешбір шектеулер немесе арнайы жағдайлар ойластырылған емес. Олардың бәрі АҚШ тың кез келген жерінен (Флориданы қоса) жылжымайтын мүлік сатып алу құқығы мен жеңілдіктері жағынан АҚШ азаматтарына теңестірілген.

 

I.  Сатып алуды жүргізу

 

bigstock-man

Флоридадан жылжымайтын мүлік стала аларда Сіз бірнеше сатыдан өтуіңіз керек:

 

1.Біріншіден, Сіздің юрист заңгеріңіз Сізге Флоридадан жылыжымайтын мүлік сатып аларда иммиграция заңнамаларынің ерекшеліктерін және салық төлеудің салдарын түсіндіреді. Бұл сатыда сатып алатын мүлікті қандай тәсілмен қаржыландыратыныңызды ойластырған жөн. Сатып алатын үйлерді қарастырар алдында, қолыңызды біраз қаражаттың болғаны, таңдауыңызды жеңілдетеді.

 

2.  Тапқан үйіңізді басқа сатып алушыға бермесін десеңіз 1000 АҚШ  доллар мөлшерінде «сенім депозитін» қалдырып, алдын ала келісім шарт жасауыңыз қажет. Келісім шартқа егер үй сатылмаған жағдайда, «сенім депозитін» қайтарудың жолдарын енгізген жөн.

 

3.  Сатып алу-сату келісім шартына қол қою. Алдын ала келісім шартқа қол қойылғаннан соң, Сіз Флоридадан мүлік сатып алудың толық  келісіміне қол қоюға дайындаласыз. Осы сатыда арнайы агент ұйымдастырушыға, сатылатын үй бағасының  10 процентін құрайтын, депозит толық толенеді. Бұл жағдайда сатып алынатын мүлікке байланысты келешекте проблемалар туындаса одан қалай шығу туралы кепілдіктер беріледі. Мәселе ретінде келісім шартты келешекте үйді тексеру және термиттердің барлығымен байланыстыруға болады (өмірлік маңызы зор, әсіресе Флорида жағдайында). 

 

4.  Мүлік меншігін тексеретін агенттердің жұмысы. Мүлік меншігін тексеретін агенттер мүлік меншігінің өзгеруіне байланысты барлық келісімдерді тексереді, мүлікті беруге байланысты қажетті құжаттарды дайындайды және мүлік иесінің қарызы немесе проблемалары жоқтығын анықтайды. Олар, Европада әдетте нотариус орындайтын шараларды, тура айтқанда вилланы немесе басқа мүліктерді  сатыа алу күнін белгілейді және соған байланысты барлық шараларды орындайды. Нотариус тек қана жылжымайтын мүлікті АҚШ-тың ипотека кредитіне алған жағдайда шақырылады.

 

5. Тұжырымдама. Келісімге қол қою дегеніміз, Сатушы өз мүлкін беруге (тазартылған) дайын, ал Сатып алушының бұған қажетті қаражаты бар дегеніміз. Алып сату кезінде, Сатып алушы мүліктің бағасымен қоса  келісімді дайындаған компанияның мүлікті тексеруге байланысты және басқа шығындарын төлейді. Келісімді дайындап, өткізу мүліктің бағасына байланысты АҚШ 1000 долларынын бастап ондаған мыңға жетуі мүмкін. Көбінесе бұл төлем АҚШ  4000 доллары маңайында болады

 

Алып-сату кезінде, мүліктің жаңа иесінің АҚШ та болуы міндетті емес. Мұның орнына, мүліктің жаңа иесі өзінің адамына келісім жасау үшін сенім хатын берсе жеткілікті. Бұл өмірде жиі қолданатын жағдай және сатып алушыға қолайлы, егер ол келісімге қол қояр кезде АҚШта болғысы келмесе.

 

II. Жекеменшік шығындары

 

sharing-vacation

 

Егер Сіз дүниенің кез келген жерінен мүлік сатып алсаңыз, Сізде міндетті шығындары болатыны анық, бұл жағынан Флорида ерекше емес. Заңдастыру шығыны, тіркеу пошлинасы, салықтар және Флоридадан жылжымайтын мүлік сатып алуға байланысты басқа төлемдер. Сатып алу кезінде оларды ескеру керек.

 

1. Алғашқы шығындар

 Көптеген жағдайда, бірнеше мың доллар мөлшерінде депозитіңіздің болғаны, Флоридада вилланы немесе басқа мүлікті резервке қойып, бағасын келісуге жеткілікті. Бұдан соң жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімге қол қоясыз және агент ұйымдастырушыға 10% депозитын төлейсіз. Сіз жылжымайтын мүлікті іздеуге кеткен шығындарды, мысалы брокерлердің қызметін төлеуіңіз керек.

 

 

2.  Заңгерге және мүлікті тексеруге кеткен шығындар

Флоридада үй сатып аларда заңгер юристі жалдау міндетті емес. Бірақ та, жылжымайтын мүлік үлкен мөлшердегі инвестиция болғандықтан, Флоридадан мүлік сатып алуға байланысты заңдарды жетік меңгерген заңгер юрист тапқаныңыз жөн болады. 

 

Егер  заңгер юрист қызметін қаламасаңыз, онда жекменшік құқығын тексеретін компанияны жалдау қажет. Мұндай компаниялар Сатушы вилланың немесе басқа меншіктің заңды иесі екендігін тексереді және үшінші біреулердің жабысуынан сақтандырады. Баға анықтаушыларға, басқаша айтқанда жылжымайтын мүлік инспекторларына да сатып алушы төлейді. Жылжымайтын мүлік агенттеріне 6% комиссиясын сатушы төлейді.

 

Жалпы алғанда, заңдастыру мен сақтандыруға кететін шығын Флоридада сатып алынатын үй бағасының 2% құрайды. Егер Сіз үйді ипотекамен сатып алатын болсаңыз, онда үй бағасына 3% ұйымдастыру шығындарын қосуыңыз керек.

 

3.  Налоги

Флоридада сату салығы 6% құрайды, ал кейбір округтерде жылжымайтын мүлік сатқанда қосымша 1.5% алуы мүмкін. Флоридадағы вилла иелері жыл сайын жылжымайтын мүлік салығын төлеу қажет. Жылына жыллжымайтын мүлік салығы оның бағасының  1% тен 3% ке дейін құрайды

 

4.  Келісім шарт жасауға кететін шығындар

Флоридада үй сатып аларда термиттердің барлығын тексеретін, гербтік жиналымдар, мүлікті беру және алып сату келісімін жасау сияқты төленімдерді төлеу қажет. Бұл шығындар Сіздің үйіңіздін бағасын тағы да 2% ке өсіреді.

 

III. Кездейсоқ жайттар

 

housing-market

Флориданің жылжымайтын мүлік алы сатуды реттестіретін және салық салу заңдары шым-шытырық, сондықтан Сізге шетелдік ретінде заңгер юристермен жұмыс істеген дұрыс. Қосып айтқанда, сатып алуды қадағалайтын және туындайтыны мүмкін проблемаларды болдырмау туралы кеңес беретін, салық пен иммиграция сұрақтарын шешетін заңгер юристің көрсететін қызметі өте пайдалы.

 

Сатып алған жылжымайтын мүлікті өз меншігіне заңдастыру - бұл шетелдік үшін өте жиі кездесетін сұрақ. Анық жауап «өз атыма», бірақ АҚШ та жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарлаған кезде ойластыратын көптеген жағдайлар бар.

 

Егер шетелдік сатып алған мүлігін өз атына тіркесе, онда жағымды жаңалық деуге болатыны, ол бір жыл өткен соң мүлікті сатса, сату салығы 15% болады. Бірақ, шетелдік қайтыс болған кезде мұрагерлік сұрағы туындаған жағдайда, жылжымайтын мүліктің бағасы 60000 АҚШ долларынан артық болса, онда мүлік салығы 45% құрайтын болады.

 

«Жасыл карта» иелері мен америка азаматтарының арасында салық төлеу нормаларында айырмашылық бар. Кәзіргі уақытта, АҚШ азаматтары мен «жасыл карта» иелері үшін салық жеңілдіктері 2 миллион АҚШ долларын құрайды. Басқаша айтқанда. егер қайтыс болған кезде олардың мүлкінің құны 2 миллион АҚШ долларына кем болса, онда мұрагер салығы төленбейді. Сонымен қатар АҚШ азаматтары мен «жасыл карта» иелері өз мүліктерін жұбайына салық төлемей қалдыруына болады.

 

Тағы бір қапқан:  Егер шетелдік мүлік иесі АҚШ-та аренда туралы деклорациясын (кірісі немесе шығысы) дер кезінде тапсырып отырса, онда ол арнайы алып тастау шегеру «алып тастау» жасау құқына ие бола алады. Мұндай шегеру оған аренда түсімінен жылжымайтын мүлікке байланысты барлық шығындарды (проценттерді, салықтарды, күту, амортизация тағы басқа) шегеріп тастау мүмкіндігіне ие болады. Керісінше, егер АҚШ азаматтығы жоқтар салық деклорациясын дер кезінде тапсырмаса, онда олар «алып тастау» мүмкіншілігінен айрылады, және    ешбір коммерциялық шығындарды шегерместен аренда пайдасының 30% құрайтын федералдық пайда салығын төлеуге міндетті

 

Басқа сөзбен айтқанда, егер АҚШ тагы жылжымайтын мүліктің шетелдік иесі кейбір себептермен (мысалы ол ақшасын жоғалтса және жыл сайынғы деклорация тапсыруды қажет деп есептемесе) кезінде салық деклорациясын өткізбесе, онда ол үлкен қиындықтарға ұшырайтын болады. Ең жаманы, ол өз мүлкін сатар кезде, сату салығының мөлшерін азайту үшін бұрынғы кеткен шығындарын есепке алу құқынан айрылады, себебі бұл шығындарды салық қызметіне дер кезінде жеткізбеген үшін. Осындай өте қатаң заң арқылы салық кезметі салық заңының орындалуына қол жеткізеді.

 

Мұндай қиындықтар туындамау үшін біз шетелдік сатып алушылардың атынан жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарлайтын тәжрибелі салық заңгер юристерімен және бухгалтерлермен жұмыс істейміз.

 

IV. Шетел сатып алушылар үшін тағы не ескеру қажет

 

Шетел азаматтарының АҚШ та жылжымайтын мүлік сатып алу үшін ешбір шектеудің жоқтығына қарамастан, олардың АҚШ территориясында жыл бойы өткізетін уақытына шектеу қойылған. Көптеген европалықтарға  қолданатын «Визадан бас тарту» әдеттегі программасына сәйкес, оларға АҚШ территориясында жыл бойы 90 күнге дейін болуына рұқсат берілген. Ал 90 күннен 6 айға дейін қалғысы келгендердің В2 визасы болуы қажет. Мұндай виза алғысы келгендер көрсетілген уақыт ішінде АҚШ территориясында өмір сүру үшін қажетті қаражат барын дәлелдеуі керек.

 

Флориданың иммиграциялық заңы қатаң орындалады. Флоридада өмір сүруге және жұмыс істеуге, әсіресе өз ісін ашуға мүмкіндік беретін «жасыл карта» алгысы келгендер, Иммиграция  мен Натурализация Қызметі   тарапынан жан -жақты тексеруден өтеді. Молырақ мақлұмат алу үшін иммиграциялық заңнама боліміне кіруіңізге болады.


Франшиза

 

Франшиза - бұл басқа компаияның ұтымды бизнес моделін пайдалануға бағытталған әдеттегі тәжрибе. орта мөлшерлі франшизаларға ресторандар, май құю стансалары мен автосалондар, ал ірілері - қонақүйлер, спалар мен ауруханалар.

 

RANK
FRANCHISE NAME
STARTUP COSTS
Anytime Fitness franchise
Anytime Fitness
$56.29K - 353.89K
Hampton Hotel franchise
Hampton Hotels
$3.7M - 13.52M
Subway franchise
Subway
$85.69K - 262.85K
Supercuts franchising
Supercuts
$108.75K - 203.6K
Jimmy Johns franchise
Jimmy John's Gourmet Sandwiches
$300.5K - 489.5K
7-eleven franchise
7-Eleven Inc.
$30.79K - 1.63M
Dennys franchise
Denny's Inc.
$1.17M - 2.4M
Pizza Hut franchise
Pizza Hut Inc.
$297K - 2.1M
Dunkin Donuts franchise
Dunkin' Donuts
$294K - 1.51M